• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 12:56

Дания корольдік театрының әртістері алғаш рет елімізде өнер көрсетеді

30 рет
көрсетілді

Негізі 1748 қаланған Еуропаның ең көне театрының Алматыға келіп өз эксклюзив  бағдарламасын ұсынуы  Қазақстанның өнер әлеміндегі айрықша оқиға болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дания корольдік театрының жұлдыздары Алматыда» деп аталатын гала-концертте балет сүйер қауым әлемдік классикалық және заманауи хореографияның озық үлгілерін, әлемдік балеттің бірегей жетістігін тамашалауға мүмкіндік алады. Оның ішінде дат балетінің мақтанышы — Бурнонвиль техникасымен қойылған сирек спектакльдер де көрермен назарына ұсынылады.

Сонымен қатар жас таланттарды қолдау және мәдени байланысты нығайту мақсатында балаларға арналған воркшоп пен мастер-класс өтеді. Онда шетелдік мамандар балғын бишілерге балеттің қыр-сырын үйретеді.  

Концерт 27 маусым күні Almaty Theatre-да өтеді. Басталуы: 19:00.