• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 09:17

100 млн еуродан асатын инвестиция

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Air Liquide» тобының вице-президенті Эмили Муран-Ренуармен кездесті. Кездесу барысында тараптар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) аумағында сутегі өндіру қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Аталған жоба 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар тараптар компания­ның ел экономикасының басым сектор­ларындағы қатысуын кеңейту жөнінде пікір алмасты. «Air Liquide» компаниясы біздің елге 2016 жылдан бері инвестиция салып келеді. Компания жүзеге асырған жо­балардың жалпы көлемі 120 млн еуро­дан асады. Қазіргі уақытта Павлодар қала­сында FOIK деп аталатын бірегей технологияны қолдана отырып, жаңа зауыт­тың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ин­­вес­тиция көлемі – 100 млн еуродан астам.

Сондай-ақ Роман Скляр «Шелл» компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хаумен келіссөз өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. «Шелл» компаниясы отандық мұнай-газ саласындағы ірі шетелдік инвесторларының бірі болып саналатыны, сондай-ақ Карашығанақ, Қашаған және КҚК сияқты маңызды жобаларға қатысатыны атап өтілді.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасына ерекше назар аударды. Аталған жоба ӨБК бойынша түпкілікті келісімшарттарының шеңберінде жүзеге асырылады. Өз кезегінде Ричард Хау «Қазақстанмен серіктeстігімізге 30 жылдан асты. Бұл біз үшін ерекше мақтаныш. Мен үшін Қазақстанға жаңа қызметтік мәртебемде қайта оралу – үлкен құрмет», деді.

Роман Скляр бұл жобаның стра­тегия­лық маңыздылығын атап өтіп, оның іске асуын жеделдетудің қажеттігін жет­­кізді. Кездесу қорытындысында та­рап­­тар ұзақмерзімді әрі өзара тиімді ын­ты­мақтастыққа ниетті екенін растады.

 

Соңғы жаңалықтар