• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2025

ҚМА құмар ойындарға қарсы күресті күшейтті

110 рет
көрсетілді

Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағындағы заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агенттік таратқан ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың басынан бері:

47 заңсыз құмар ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған; 200-ден астам ойын автоматы тәркіленген; 11 мыңнан астам интернеттегі заңсыз казино мен ойын сайттарының сілтемелері бұғатталған.

Мамандардың айтуынша, лудомания (құмар ойынға тәуелділік) тек азаматтардың қаржылық жағдайына емес, сонымен қатар отбасы берекесіне, психологиялық денсаулыққа және қылмыстық ахуалға да әсер етеді. 

«Ойнап жүрген немесе өзгелерді тартатын әрбір адам – қылмыстық тізбектің бір бөлшегіне айналады», делінген хабарламада.