• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Елімізде ең көп неке тамыз айында тіркеледі

30 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тамыз айы неке тіркеу бойынша ең танымал кезең саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта неке қиюдың ең жоғары көрсеткіші дәл осы айға тиесілі. Соңғы он жылда тамыз айында орта есеппен 14,9 мың жұп ресми түрде некесін қидырған. 2016 жылы бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жетіп, 16,9 мың неке тіркелген.

Бұрын шілде мен қыркүйек те танымал айлар қатарында болған. Алайда 2023 жылдан бастап маусым айы қыркүйекті басып озып, үздік үштікке енген. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке қиылған.

Осылайша, соңғы екі жылда маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең белсенді кезеңге айналды.

Ең төменгі неке саны әдетте қаңтар айында тіркеледі. Соңғы онжылдықта бес рет қаңтар ең аз неке қиылған ай болды. Сондай-ақ мамыр да төмен көрсеткіштермен ерекшеленеді.

Айта кетейік, некеге тұру белсенділігі 2020 жылдың сәуірінде ең төменгі деңгейге түскен. Бұл көрсеткіш коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер кезінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар