• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:55

Kaspi.kz-тегі ең қымбат кітаптар қандай

10 рет
көрсетілді

Кейінгі уақытта кітап бағасының күрт өсуі оқырмандар арасында түрлі пікір туғызып жүр. Қазір кейбір басылымдардың құны тіпті элиталық тауарлармен теңесіп барады. Сондықтан да халық ең жиі қолданатын Kaspi.kz платформасындағы кітаптар бағасына көз жүгіртіп көрдік, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшылар кітап бағасының өсуін баспа шығындарының артуымен, авторлық құқықтың қымбаттауымен және нарықтағы сұраныс ерекшеліктерімен түсіндіреді.

Мәселен, Kaspi.kz платформасында ұсынылған Л. Рон Хаббардтың бір жинағы 2 136 000 теңге тұрады. Ал Конфуцийдің афоризмдер жинағы 1,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.  Бұл – арнайы мұқабамен, футлярмен, шектеулі таралымда шыққан басылымдар. Қазақ этнографиясына арналған Нұрсан Әлімбайдың бес томдығы да 480 мың теңге шамасында сатылып жатыр.

Бұл баға саясаты, бір жағынан, ұлттық мұра мен білімнің құндылығын танытса, екінші жағынан – қоғамның кітапқа деген қолжетімділігін шектеп отыр. Бұрын «кітап – ең арзан мұғалім» деп саналса, бүгінде ол «құнды инвестицияға» айналғандай.

Кітап дүкендерінің мәліметінше, қазір орташа есеппен бір көркем әдебиет кітабы 5-15 мың теңге аралығында. Аударма немесе шетелдік басылымдар 20 мың теңгеден жоғары.