Кофе тек сергектік сыйлап қана қоймай, жасушаны да жасартады. Лондон университетінің зерттеушілері кофеин қартаюды баяулатып, ДНҚ-ны қалпына келтіруге көмектесетінін анықтады.
Кофеин АМФК деп аталатын ежелгі жүйені іске қосады екен. Бұл жүйе жасушада энергия жетіспегенде жұмысқа кірісіп, ДНҚ-ны қалпына келтіреді, күйзелістен қорғайды әрі жасушаның өмірін ұзартады. Кофеиннің әсері метформин сияқты диабетке қарсы дәрілерге ұқсас. Ашытқыда жүргізілген тәжірибе кофеиннің қартаюмен байланысты үдерістерді бәсеңдететінін көрсетті.