• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2025

Сәтбаевта 50 жыл ауыспаған жылу желілері күрделі жөндеуден өтеді

60 рет
көрсетілді

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл 50 жылдан бері ауыспаған магистральдық жылу желілері толық күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалада үш бірдей мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. «Сарыағаш Аман» ЖШС – №1 магистраль бойынша 8 шақырым желіні ауыстыруда. Бүгінде 375 м құбыр демонтаждалып, 100 м лоток орнатылып, дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр.

«АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ»ЖШС – №2 магистраль бойынша 650 м құбырды монтаждады.

«ЖАНЕМ» ЖШС – Құрманғазы, Аманжолов, Байсейітов көшелеріндегі кәріз желілерін қайта жаңғыртуды қолға алған. Қазіргі таңда 650 м желі ауыстырылып, барлық қажетті материалдар жеткізілген.

Қазандықтарда эмульгаторлар орнатылып жатыр.

Сонымен қатар, «Молодежный» көмірін «Куу-Чек» кесіндісінің көміріне ауыстыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Жұмыстардың сапасын бақылауда ұстау мақсатта апта сайын мердігер ұйымдармен арнайы штаб отырыстары өткізіледі.

Ұлытау облысы