• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2025

Астанадағы жол апатынан жүргізуші қаза тапты

130 рет
көрсетілді

Астанада жол апатынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 1 шілде күні Калдаяқов көшесінде, «Арыс» көпірі бағытында болған. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Соққының инерциясымен автомобиль қарсы бағытқа шығып, екі көлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.