• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным 05 Шілде, 2025

Күй құдіреті

130 рет
көрсетілді

Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.

Сол кезде режиссер Сұлтан Қожықов пен ком­позитор Нұрғиса Тілендиев ақылдаса келе, алдын ала таспаға жазылған «Аққу» күйін қосып кеп жібереді. Күйдің әуені естілген сәтте-ақ, екі аққу бір-біріне баяу жақындап келіп, бастарын түйіс­тіріп, ырғала билей жөнеледі. Осылайша, түсі­рі­лім тәртібіне бағынғысы келмеген ерке құс, күй құ­діретіне елітіп, таспада тамаша кадр тудырыпты.