• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 13:23

Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйлады

30 рет
көрсетілді

Қарағандыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні мерекесіне орай ерекше шара өтті: өңірдегі перзентханаларда жаңа туған сәбилерге символикалық ұлттық аспап – домбыра сыйға тартылды, деп жазады Egemen.kz.

Игі бастама Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Салтанатты іс-шараға қатысқан аналар кеңесінің мүшелері мен Ассамблея өкілдері перзентханаларда болып, сәбилер мен аналарды мерекемен құттықтап, алғашқы болып дүниеге келген нәрестелерге домбыра табыстады.

– Домбыра – ұлттық болмысымыздың, мәдениетіміздің символы. Сәбиге домбыра сыйлау – ұрпағымызға дәстүр мен рухани құндылықтарды аманат ету деген сөз, – деді Қарағанды облыстық аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жас отбасыларды ұлттық мұраға жақындату, көпұлтты қоғамда өзара сыйластықты арттыру және қазақстандық бірлікті нығайту.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісінде тойланып келеді. Биыл мереке Астана күнімен қатар келіп, еліміздің түрлі өңірінде көрмелер, концерттер, шеберлік сабақтары және мерекелік акциялар өткізілуде.