• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:02

Алматы тұрғыны автобуста зейнеткерді соққыға жыққан

20 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның автобуста зейнеткерге бірнеше рет қол көтеріп, соққы жасаған сәті бейнеленген. Бұл дерекке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаға қатысты түсініктеме берген Алматы қалалық полиция департаменті бейнематериалды мұқият зерттегенін және күдіктінің тұлғасы анықталып, ұсталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен жәбірленушінің қайда екені анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес заң аясында құқықтық баға берілетін болады», делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал автобуста басталып, аялдамадан түскеннен кейін де жалғасқан. Әлеуметтік желідегі кей деректерде зейнеткер жас қызға тиіспек болған деген болжам айтылған. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталмады.