• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 11:18

Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты

20 рет
көрсетілді

Отандасымыз, теннисші Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жасөспірімдер санатында сынға түсіп жатқан Әмірханның спорттағы серігі - ресейлік Егор Плешивцев. 

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырды. 

Енді  Әмір Омарханов -  Егор Плешивцев жұбы жартылай финал жолдамасын оңтүстікафрикалық Коннор Доиг -  үндістандық Криш Туягиге қарсы сарапқа салады.