• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 16:29

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

20 рет
көрсетілді

12–14 шілде аралығында ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сонымен қатар дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 шілде күні батыс өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C дейін көтеріліп, кей жерлерде +40…+42°C аптап ыстық күтіледі.

Ал еліміздің оңтүстік-батысында аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы +39…+44°C аралығында болады. 14 шілдеде бұл өңірде температура +38…+42°C шамасында болады.

Басқа өңірлердегі ауа температурасы келесідей болады:

Солтүстік аймақтарда — +15…+23°C; Шығыста — +22…+30°C; Оңтүстікте — +40…+43°C; Оңтүстік-шығыста — +35…+38°C градус.