• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Банк Бүгін, 14:45

Ұлттық банк: Елдің сыртқы қарызы көп емес

10 рет
көрсетілді

 

Елдің сыртқы қарызы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 170,5 миллиард доллар болған. Бұл ұрын-соңды болмаған жағдай.  Шамамен 88,4 триллион теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дегенмен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл көрсеткішті алаңдайтындай жағдай емес деп есептейді. Оның пікірінше, сыртқы қарыздың абсолюттік мөлшерінен гөрі, ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы маңыздырақ. Себебі ел экономикасының көлемі артқан сайын, бұрынғыдай қарыз жүктемесі ауырға түспейді.

«Қарапайым мысал: табысыңыз өсіп, несие көлемі бұрынғыдай қалса, жақсы емес пе? Дәл осындай жағдай бізде де қалыптасып отыр», деді Сүлейменов.

Ол қазіргі жағдайды 2018-2019 жылдармен салыстырып өтті. Ол кезде де сыртқы қарыз 160-170 млрд доллар шамасында болған, бірақ ІЖӨ 170 млрд доллар ғана еді. Яғни, қарыздың ІЖӨ-ге қатынасы 110–120% болған.

Ал қазіргі кезде ел экономикасы айтарлықтай өскен. 2025 жылдың соңында ІЖӨ көлемі 275 млрд доллар болуы мүмкін. Бірақ қарыз көлемі өзгеріссіз қалды. Осылайша, қарыздың қатынасы 57-58%-ға дейін төмендеген.

Мемлекеттік сыртқы қарыз көлемі – 14,8 млрд доллар, ал банк және квазимемлекеттік сектордың қарызы 17,5 млрд доллар.

Ұлттық банк биыл елдің сыртқы борышын өтеуге шамамен 45 млрд доллар жұмсалуы мүмкін екенін айтады.