Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Прокуратура мәліметінше, Перизат Қайрат тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылыққа қаржы жинау сылтауымен 2 миллиард 860 миллион теңге жинаған. Алайда бұл қаражаттың бір бөлігі жеке қажетіне жұмсалған.
Атап айтқанда, Перизат Қайрат гүл бизнесінен үлес сатып алу үшін шамамен 22 миллион теңгені қолма-қол ақшамен төлеген. Сонымен қатар, оның анасы Гайни Алашбаева гүл бизнесінің негізгі акционерін қызына қажет соманы төмендетуге көндіргені айтылды.
Прокурорлар Перизат Қайраттың ірі көлемде қаражатты банкоматтар арқылы шешіп алып, өз қажетіне жұмсаған нақты мысалдарын келтірген. Айыптау тарапы бұл әрекеттерді алдын ала сөз байласу арқылы жасалған алаяқтық және ақшаны заңсыз иемдену ретінде сипаттаған.
Сот отырысы жалғасып жатыр.