• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 09:13

Күн дақтарының құпиясы

20 рет
көрсетілді

Ғалымдар сан ғасыр Күннің бетін­де қара дақтардың неге ұзақ сақ­та­ла­тынын түсіне алмай келді. XVII ға­сырда Галилей алғаш телескоппен көрген осы дақтар әлі де тұр.

Зерттеушілер Күннің жарығын ерекше әдіспен талдап, магнит өрісін дәлдікпен өлшеп, құпияның сырын ашты. Зерттеу нәтижесінде, Күн дақ­тарының ішінде магниттік күштер мен газ қысымы арасындағы тепе-теңдік орнайтыны анықталды. Осы тепе-теңдік дақтардың Күн­ бетінде ұзақ уақыт сақталуына мүмкін­дік береді. Күн дақтарының белсенділігі ­11 жылдық циклмен ауысып отырады.