• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:47

Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған

10 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер үшін  369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.

Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны жыл басынан бері республикалық бюджеттен барлығы 169,2 мың адамға 30,6 млрд теңге төленген. Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер ала алады.

Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 21,7 млрд теңге сомасында орта есеппен 123,8 мың адам қамтылды, оның ішінде маусым айында 3,6 млрд теңге сомасын 124,5 мың адам алды.

Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Биыл бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Бұдан бөлек жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Бұл біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 166,9 млрд теңге сомасында 116,1 мың адам алған. Осы жылдың 6 айында тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 556 736 теңгені құраған.

Сондай-ақ, МӘСҚ-дан әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бала туған күннен бастап бір жарым жасқа дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері кейінгі 2 жылда МӘСҚ әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылдың 6 айында бұл төлем 218,5 млрд теңге мөлшерінде 129,2 мың адамға тағайындалған. 6 айдағы орташа айлық төлем 89 881 теңгені құраған.