• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 17:09

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

20 рет
көрсетілді

Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәрмеңкеде әр өңірден келген ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарынан жеткізілген азық-түлік өнімдерінің кең ауқымы ұсынылады. Келушілер жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет пен ет-сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. 

Жәрмеңке 19-20 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «KERYEN JOLY» сауда орталығында, Алаш тас жолы, 35 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (RIO DE JANEIRO тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Мұндағы сатушылар күн сайын тұтынушыларға сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.