• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 12:28

ҚазАзот кәсіпорнындағы төтенше жағдайдан бірнеше адам зардап шекті

10 рет
көрсетілді

"ҚазАзот" компаниясы кәсіпорындағы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

“ҚазАзот” хабарлауынша, кәсіпорын аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан бірнеше қызметкер зардап шеккен, деп жазды Lada.kz.

Алайда компания тарапы қандай нақты төтенше жағдай болғаны, сондай-ақ зардап шеккендердің саны мен жағдайы туралы нақты ақпарат бермеген.

– Біздің бастамамызбен емдеуге елдің бас реаниматологы мен термиялық күйіктер бойынша маман тартылды. Барлық медициналық шығын кәсіпорын есебінен толық өтеледі. Біз зардап шеккендердің отбасыларымен және дәрігерлермен тұрақты байланыстамыз. Қызметкерлеріміздің тезірек және толық қалпына келуі үшін қажетті барлық шараларды қолданамыз, – делінген хабарламада.