• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 08:50

Әмірдің аяқ алысы қуантады

20 рет
көрсетілді

Ұлыбританияда өткен «Уимблдон» турнирінде еліміздің теннисшілері тегістей ұтылғанымен, жастар арасындағы жарыста Әмір Омархановтың жартылай финалға дейін жетуі баршамызды бір серпілтіп тастады.

Иә, Әмірдің жекелеген сайыс­та сүрінгені рас. Дегенмен жұптық бәсекеде қандасымыз жақсы өнер көрсетті. Ресейлік Егор Плешивцев екеуі небір мықты қарсыластарын ұтып, ширек финалда Тимофей Дерепаско (Ресей)/Якопо Васами (Италия) жұбын 6:3, 6:2 жеңді. Бірақ одан әрі аса алмады. Жартылай финалда Оскар Паландиус (Финляндия)/Алан Важныға (Польша) жол берді – 4:6, 6:4, 5:10.

Ә.Омарханов бұған дейін де өрелі өнерімен көзге түсіп үлгерген өрен. ITF-тің жекелеген жарысында алты, жұптық бәсекесінде алты рет топ жарды. Солардың қатарында әлем чемпионатына баланған «Orange Bowi» турнирі де бар. Былтыр Аустралияның ашық біріншілігінің ширек, «Ролан Гарростың» жартылай финалында күш сынасты. Осы табыстарының арқасында биыл өз қатарластары арасындағы рейтингте үздік отыз ойыншының қатарына қосылған еді. Енді, «Уимблдон» додасынан кейін төртінші орынға табан тіреді. 17 жастағы спортшы үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Бір айта кетерлігі, бұған дейін спорттың осы түрін серік еткен бірде-бір қазақ жасы осындай биікке көтерілген емес.