• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Банк Бүгін, 13:32

Fitch Отбасы банк рейтингін BBB деңгейінде растады

30 рет
көрсетілді

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болатын Отбасы банкінің ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты», деп хабарлайды  Egemen.kz.

Айта кетейік, бұл баға – Отбасы банкінің қаржылық және ұлттық даму институты ретіндегі тұрақтылығы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші.

Fitch сарапшылары банктің қаржылық жағдайының тұрақталығын, ашықтығын және тиімділігін растайды. Салымшылар үшін бұл бағалау жинақтарының сенімділігі мен қауіпсіздігіне қосымша кепіл болады.

«Отбасы банк арқылы өз баспанасына ақша жинап жатқан қазақстандықтардың саны 3,2 миллионға жетті. 2025 жылдың алғашқы 6 айында депозиттерге түскен қаражат көлемі – 616 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға жоғары. Клиенттеріміз жинап жатқан әрбір теңгенің артында нақты мақсат тұр. Бұл – өз баспанасына қол жеткізу, отбасының амандығы мен болашаққа деген сенімділік. Fitch агенттігінің бағалауы азаматтардың жинақтары тұрақты әрі сенімді банкте екенін расстайды. Біз олардың сенімін сақтап қана қоймай, арттыра түсеміз. Нәтижесінде жұмыс істейтін әрбір үшінші қазақстандық болашақта қолжетімді шарттармен өз баспанасын сатып алу үшін Отбасы банкін таңдап отыр», деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Биыл Отбасы банкте 474 054 қазақстандық жаңа депозит ашқан. Жинақ шотындағы қаражат оларға болашақта елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен – жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін) кредит рәсімдеп, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Теңгедегі ұзақ мерзімді қазақстандық салымдардағы банктің үлесі 33%-ға тең. Банк клиенттерінің жинақ шоттарында 2,5 трлн теңге бар.

Күн сайын Отбасы банктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық заем алып, қоныс тойын тойлап жатыр. Банктің елдегі барлық ипотека портфеліндегі үлесі 51%-ды құрайды (01.06.2025 жылғы деректер бойынша). Жыл басынан бері банк 37 965 заем берді. Бұл ретте клиенттердің шамамен 80%-ы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде емес, бастапқы жарнаға ақша жинап, коммерциялық нарықтан баспана сатып алған.

Банктің NPL деңгейі (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер үлесі) Қазақстандағы ЕДБ арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі – не бәрі 0,12%-ға тең. Бұл көрсеткіш нарықтағы орташа NPL деңгейінің көрсеткіші 3,39%-дан едәуір төмен.

Қазіргі таңда Отбасы банк Қазақстандағы ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша бесінші, ал меншікті капитал бойынша төртінші орында тұр. Бүгінде Отбасы банктің қолдауымен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі сенімділігінің арқасында 600 000 қазақстандық отбасы өз үйлерінде тұрып жатыр.