Жетісу облысындағы Балқаш көлі маңында санитарлық тазалық тұрақты жүргізіліп келеді. Жағалаудан жұмыс күндері 2 тоннаға дейін, демалыс күндері 4 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Бұл жұмысқа арнайы техника мен 10 адамнан тұратын топ тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Көлге келушілер саны артқанына байланысты қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде. Лепсі ауылында 4 жылдамдық өлшегіш құрылғы мен 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, жол қозғалысының тәртібі бақылауға алынды.
Демалушылар жағалаудағы өзгерістерге оң баға беріп отыр. Жолдың жаңартылуы мен тазалықтың сақталуы – тұрғындардың жиі келуіне себеп болып отыр.
Бүгінде көл жағалауында инфрақұрылым тартылып жатыр. Қазірдің өзінде 52 мың адам демалса, болашақта бұл көрсеткіш 450 мыңға дейін жетеді деген болжам бар.