1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарында жапон спортшылары Сюхэй Нисида мен Суэо Оэ сырықпен секіру сайысынан сынға түсіп, бірдей нәтиже көрсетеді. Сөйтіп, екеуі де екінші орынға лайық деп танылды.
Алайда олар қосымша секіруден бас тартқан соң, Спорт федерациясы күміс медальды Нисидаға, қола медальды Оэге береді. Қос спортшы бұл шешімге келіспей, Токиоға оралған соң, өз медальдарын біріктіріп, қайта құйдырған. Соның нәтижесінде олардың әрқайсысында күміс-қола аралас гибрид медаль пайда болды. Осылайша, бұл оқиға спорт тарихындағы бауырмалдық пен достықтың ерекше нышаны ретінде есте қалды.