• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Шілде, 2025

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

40 рет
көрсетілді

26 мен 27 шілде аралығында елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өнім өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке қонақтары мен қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш бұйымдары, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тағам түрлерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Негізгі сауда алаңы Алаш тас жолы, 35-үй мекенжайындағы «KERYEN JOLY» сауда орталығында орналасады. Жәрмеңке таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ашық болады.

Сонымен бірге дәл осы күндері қосымша демалыс күнгі жәрмеңкелер де жұмыс істейді:

«Көктал» СОО маңында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а); Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы).

Айта кетейік барлық жәрмеңкелердің жұмыс уақыты бірдей, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.