• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 11:20

Ұлттық банктің инвестициялық кірісі

30 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы активтердің көлемі шамамен 66,2 млрд долларды құрады. Оның 58,8 млрд доллары – валюталық портфель, 7,4 млрд доллары – теңгедегі активтер.

«ҰҚ валюталық портфелінің инвес­тициялық кірісі бір жылда 7,59%-ды немесе 4,6 млрд долларды құрады. Кейін­гі жылдары кірістіліктің өсуіне Ұлттық банктің активтерді консервативті бөлуден неғұрлым теңгерімді бөлуге көшу нәтижесінде, жоғары кірісті қаржы құралдарының үлесін 20%-дан 40%-ға дейін ұлғайтуы есебінен қол жеткізілді. Сондай-ақ 2023 жылы Ұлттық қордың құрамында баламалы құралдар порт­фелі қалыптасты­рылды. Жаңа құрылымға көшу инвестициялаудың тиімділігін және қордың сыртқы нарық тербелістеріне төзімділігін арттыруға мүмкіндік берді», делінген ҰБ мәлімдемесінде.

Қордың валюталық активтері көлемінің жалпы динамикасына 2024 жылы 6,3 трлн теңге мөлшерінде қаражат алу операциялары әсер етті . Осылайша, есепті кезеңде республикалық бюджетке тікелей трансферт 5,6 трлн теңгеге жетті. Қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға тағы 705 млрд теңге бөлінді: «Қазатом­өнеркәсіп» АҚ акциялары 467 млрд теңге, ұлттық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында «Самұрық-Қазы­на»­ облигациялары 238 млрд теңге көлемінде сатып алынды.

Бұл ретте мұнай секторынан қорға түсетін түсімдер 2024 жылы 3,8 трлн теңгені құрады.

 

Соңғы жаңалықтар