• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Оқ жарақатын алған Берденов сот отырысына келмеді

40 рет
көрсетілді

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұған дейін хабарланғандай, сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі («Қылмыс жасауға оқталу») және 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу») бойынша азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

Бұл іс бойынша күдікті ретінде Ернар Жиенбай танылып отыр. Алдын ала тыңдау ашық режимде өтіп жатыр. Алайда судья Абинұр Қарабаев айыпталушының бет-жүзін түсіруге тыйым салғанын мәлім қылды: «Тараптардың пікірін ескере отырып, айыпталушыны түсіруге тыйым салынады», деді судья.

Еске салайық, биыл 21 сәуірде кешкі уақытта Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған. Шенеунік жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдікті сол мезетте ұсталған.

Мамыр айында Руслан Берденов ауруханадан жазба мен фотосуреттер жариялап, бұл оқиға өзіне, отбасына және жақындарына ауыр соққы болғанын, алайда халықтың қолдауы оған күш бергенін айтып, жанашыр жандарға алғысын білдіргені және аяққа тұрып келе жатқанын айтқаны мәлім.

Оған үш рет оқ атылғаны кейіннен белгілі болды. Оның жүргізушісі шабуылдаушыны ұстауға көмектескен.

Оқиғадан кейін желіде түрлі нұсқалар тарала бастады.