• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:00

Арнаулы ұйымдарда тамақтану нормалары өзгереді

30 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Арнаулы әлеуметтiк қызметтер (АӘҚ) көрсететiн ұйымдарда қызмет көрсетiлетiн адамдардың табиғи тамақтану нормаларының тiзбесiне өзгертулер енгiзудi жоспарлап отыр. Басқарма басшысының «Ашық НҚА» порталында жарияланған тиісті бұйрығының жобасы – биылғы 11 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоспарланған өзгерістер тамақтану саласындағы заманауи ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Сондай-ақ Арнаулы әлеуметтiк қызметтерді (АӘҚ) қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жаңартуға бағытталған.

Тізімді жаңарту – АӘҚ алушылардың денсаулығын нығайтуға оң әсерін тигізеді, өйткені витаминдер мен минералдарға бай өнімдерге ерекше назар аударылып, тамақтану сапасы жақсарады.