• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2025

Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

40 рет
көрсетілді

2025 жылдың маусым айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытына оң баға беріп отыр. Қоғамдық саясат институты 18 маусым мен 4 шілде аралығында өткізген сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттердің 79,4%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Зерттеу қоғамда елдің даму жолына қатысты тұтастық пен тұрақтылықтың сақталғанын көрсетеді. Қоғамдағы әлеуметтік көңіл-күйдің орнықтылығы мен сенімділік деңгейінің жоғары болуы елдегі экономикалық және саяси процестерге оң баға берудің көрінісі ретінде бағаланады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайға респонденттердің 73,6%-ы оң баға берген. Бұл — халық арасында қазіргі жағдайға қатысты көзқарастардың тұрақталғанын білдіреді.

Саяси ахуал да тұрғындар тарапынан оң қабылданған: сауалнамаға қатысқандардың 76,2%-ы қазіргі саяси жағдайға қанағаттанатындарын жеткізген.

Мұндай оң пікірлер ЖІӨ өсімі, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік инфрақұрылымын жаңғырту сияқты бірқатар факторлардың жиынтығымен байланысты. Атап айтқанда, ел экономикасының 6%-ға өсуі, жаңа мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандардың ашылуы, жол жөндеу және инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарының жүргізілуі – қоғам тарапынан оң бағалардың артуына себеп болып отыр.

Сауалнама 18 жастан асқан 2000 азаматтың қатысуымен, ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілген. Іріктеменің ықтимал статистикалық қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.

Соңғы жаңалықтар