• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы Бүгін, 14:33

Астана мектептерінде 100-ден астам кәсіби сынып ашылды

40 рет
көрсетілді

«Жұмысшы мамандықтар» жылы шеңберінде биылғы қаңтар айынын бастап Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған қаланың Білім басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, әрбір бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бейінді оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер бекітілді.

Жобаға 7 ЖОО (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Astana IT University, «Астана» медицина университеті, М.Тынышпаев атындағы АLT Университеті, «Астана»  халықаралық университеті), Астананың 21 колледжі және 70 мектебі қатысады.

Бейінді 8-11 сыныптарда барлығы 2 892 білім алушы қамтылды, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру) – 25 сынып ашылды, білім алушылар саны – 545, оның ішінде мемлекеттік тілде – 300, орыс тілінде – 245. Сервис (техникалық қызмет көрсету) – 4 сынып, білім алушылар саны – 88, оның ішінде мемлекеттік тілде – 58, орыс тілінде – 30. Дизайн – 12 сынып, білім алушылар саны – 290, оның ішінде мемлекеттік тілде – 80, орыс тілінде – 210. Тігін өндірісі – 13 сынып, білім алушылар саны – 316, оның ішінде мемлекеттік тілде – 279, орыс тілінде – 67. Теміржол көлігі – 5 сынып, білім алушылар саны – 121, оның ішінде мемлекеттік тілде – 91, орыс тілінде – 30. IT – 9 сынып, білім алушылар саны – 156, оның ішінде мемлекеттік тілде – 83, орыс тілінде – 73. Педагогикалық – 50 сынып, білім алушылар саны – 1064, оның ішінде мемлекеттік тілде – 919, орыс тілінде – 145. Медицина – 12 сынып, білім алушылар саны – 282, оның ішінде мемлекеттік тілде – 158, орыс тілінде – 124.

2025 жылғы 1 ақпанда колледждер мектептермен келісілген тақырыптық жоспарлар әзірледі. Бейінді сыныптардың әр бағытына Астана қаласының әдістемелік орталығының жауапты әдіскерлері бекітілді. Бейінді сыныптардағы сабақтарды 170 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді. Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, шебер-сыныптар, экскурсиялар, тренингтер, жобалық жұмыстарды қорғаумен дөңгелек үстел, слет және басқалар. Бейінді сыныптардың жұмысына колледждердің әлеуметтік серіктестері жұмылдырылған. Мониторинг жүргізу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында бейінді сыныптардағы сабақтарға қатысу, білім алушылар арасында сауалнама жүргізу көзделген.

Сондай-ақ, бейінді жұмыспен ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларда қамтылған. Атап айтқанда, кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мақсатында Астана қаласының әр аудандары бойынша пилоттық мектептер (№8,23,65,71,79,83,89,96) іріктелініп алынған.

2023 жылы аталған бағыттағы бағдарлама қалалық сараптамалық кеңесте қаралып, бекітілді. Мектептердің материалдық техникалық базасы ескеріле отырып, бағдарламада көрсетілген үйірмелерді ашуға ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың саны анықталды. №23, 83 мектептерде «Тігін ісі», «Аспаз ісі» үйірмелерін мектептің штаттық бірлігі негізінде жүргізу мүмкіндігі бар, ал №65, 71, 96 мектептерде қосымша үйірме ашу үшін сағаттар М.Өтемісов атындағы және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы есебінен алынды және осы аталған мектеп базасында өтеді.

Бұл үйірмеге 13 жастан жоғары әртүрлі жастағы балалар топтастырылған. Үйірмелерді технология және аспаздық кабинеттерінде бейінді білімі бар педагогтар жүргізеді. Сабақтар кестеге сәйкес аптасына 2 рет 2 академиялық сағаттан өткізіледі. Топтардың толымдылығы 6-7 адамнан тұрады. Білім алушылар бейіні бойынша бастапқы білім мен дағдыларды игереді.