• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Елімізде осал топтар үшін азық-түлік ваучері іске қосылады

50 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылып жатыр.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда», деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылып жатыр. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушы қатысады.