Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дмитрий Мунның айтуынша интернетке қол жеткізу қиын деп белгіленген 6 мың елді мекен бар, бүгінде 2,5 мыңнан астамы интернетпен қамтамасыз етілген.
«Қазақтелеком» компаниясымен қол қойылған келісімнің нәтижесінде біз екі жыл бойы барлық қалған ауылдарды қосып, жетуі қиын ауылдарды қамтудың 90%-дан астамына қол жеткізуге тиіспіз. Сондай-ақ Starlink және OneWeb спутниктері арқылы ауылдарды интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Д.Мун.
«Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасының м.а. Абылайхан Оспанов жаңа жобаның іске қосылуы туралы айтып берді.
«Біз «Ауыл online» жобасын әзірледік және 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша міндеттемелер жүктелді. Осы жұмыстың нәтижесінде бөлінген елді мекендерде байланыс сапасын жақсарту көзделген», деп атап өтті А.Оспанов.
Оның айтуынша, жуырда компанияның сайтында осы елді мекендердің тізімі орналастырылады. Бұл жұмыстарды тиімді жүргізу үшін облыстың әр әкімімен меморандумдарға қол қойылады.