• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:40

Ұлан сарбазы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

60 рет
көрсетілді

Жағажай самбосынан Сингапурде 1-3 тамыз күндері V әлем чемпионаты өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты. Жарыстар арнайы жабдықталған спорттық жағажай алаңдарында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған турнирде ел намысын ІІМ Ұлттық ұланының 5451 бөлімінің әскери қызметшісі Болат Сапар абыроймен қорғап, қола жүлде еншіледі.

Ұлттық ұлан мәліметінше чемпионат қорытындысы бойынша 1-орынды ФИАС 1 құрамасы, 2-орынды Грузия құрамасы иеленсе, 3-орынды Румыния мен Қазақстан спортшылары бөлісті.