Әйгілі ғалым Зейнолла Қабдолов «Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орыс өмірін, Абайды оқымай қазақ тіршілігін білем деу ағат» деген еді.
Расымен, қандай да бір көркем шығарма оқырманға беймәлім өмірді танытады. Таныта тұра, адамды тәрбиелейді. Оған Камерун жазушысы Бенжамен Матиптің мына бір сөзі айқын дәлел: «Мен қазақтар туралы еш нәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіпті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің керемет кітабын оқыдым. Мен тамаша тағдыр иесі, қазақ халқының ақыны Абаймен таныстым. Бейне ұзақ жылдар бірге тұрып, қайғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы көрдім. Солармен бірге тіпті дарқан даланың тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Шынында да, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой».