Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде Темірлан Мұқатаев ел құрамасы қоржынына кезекті алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
90 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан отандасымыз финалдық жекпе-жекте Шахзод Полвоновты (Өзбекстан) айқын басымдылықпен жеңді.
Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін) пен Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген еді. Осылайша, қоржында үш алтын және екі күміс медаль бар.
Еске салайық, байрақты бәсеке Таиландтың бас шаһары Бангкокта өтіп жатыр.