• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Тереңдегі тіршілік

30 рет
көрсетілді

Қытай ғалымдары жарық жетпей­тін, адам аяғы тимеген Ты­нық мұхитының 9500 метр терең­дігіндегі тірі организмдерді тапты.

Бұл бұрынғы 8750 метрлік рекордты жаңартып, тіршіліктің қандай экстремалды жағдайда да сақталатынын дәлелдеп отыр. Ондағы тіршілік метан мен сутегі сульфидіне бай сұйықтықтардың көмегімен өмір сүреді, яғни күн сәулесін­сіз химиялық реакциялар арқылы тамақ­танады. Ғалымдар енді мұндай тіршіліктің ерекше қысым мен суыққа қалай төтеп беретінін, оның ғаламдық көміртегі айналымындағы рөлін зерттеуді жоспарлап отыр.