• RUB:
    6.63
  • USD:
    487.73
  • EUR:
    558.99
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 09:00

Музыкалық платформадағы күй күмбірі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің репертуарындағы таңдаулы шығармалар әлемнің жетекші музыкалық платформаларында жарияланып, қазақтың күй өнері жаһандық аудиторияға жол тартты.

Оркестр тарихында тұңғыш рет жүзеге асқан бұл жоба қазақтың ғасырлар тереңінен жеткен күй мұрасын жаңа технология мүмкіндіктерімен ұштастырып, ұлттық музыканы әлемдік мәдени айналымға шығаруға жол ашып отыр. Енді домбыраның қоңыр үні мен халықтық музыка дәстүрінің бай мұрасы жер жүзіндегі тыңдармандарға қолжетімді болды.

Жаңа платформада қазақ­тың күй өнерін қалыптастырған ұлы тұлғалардың шығар­малары топтастырылды. Олардың қатарында Құр­манғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев сынды дәстүрлі мектептің көрнекті өкілдері бар. Сонымен бірге Ахмет Жұбанов, Евге­ний Брусиловский, Кен­же­бек Күмісбеков, Шамғон Қажығалиев, Хамза Тастанов, Сейдолла Бәйтере­ков, Сергей Шабельский, Леонид Шар­городский, Серік Құсайы­нов секілді компози­тор­лар­дың шығармалары да тың­дарман назарына ұсы­нылды.

Күй өнері – халықтың тарихи жады мен рухани дүниетанымын сақтаған ерекше мәдени құбылыс. Ендігі жерде осы мұра цифрлық ортада жаңа тыныс алып, әлемдік музыкалық кеңістікпен үндесе бастады. Аталған бастама ұлттық өнерді заманауи форматта танытып қана қоймай, оның көркемдік құндылығын жаңа буын тыңдарманына жақындатуға жол ашты.

Соңғы жаңалықтар