• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 19 Тамыз, 2025

Президент ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

120 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.