• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:18

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

30 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін екі кездесуге шақыртылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тізімге Қазақстан және өзге елдердің чемпионаттарында ойын көрсетіп жүрген 37 футболшы енгізілген.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»).

Нақты тізім анықталғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. Алдымен 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.