• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Кеше

Жәдігерді жаңғыртқан ескерткіш

20 рет
көрсетілді

Қостанайда «Тобыл ойшылы» тас мүсініне ескерткіш орнатылды. Көнеден жеткен құнды жәдігердің үш метрлік алып көшірмесін ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов жасап шыққан.

Ұлтымыздың құнды мүлкі ретін­де мойындалған «Тобыл ойшылы» Қостанайдың ең ерекше жәдігерлерінің бірінен саналады.

«Тобыл ойшылы» 1976 жылы Тобыл өзенінің бойынан табылды. Ғалымдар көне мүсін осыдан  9 мың жыл бұрын жасалған деген болжам айтады. Антропоморфты ескерткіштің түпнұсқасы түрлі түйіршікті сұрғылт-қоңыр құмдақтан қашалған. Бойы 20 сантиметрден сәл ғана асады. Салмағы – 4 кг.  Жәдігер 2022 жылға дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталып келді. Қазір Астанадағы Ұлттық музейде тұр.

Мүсіннің көшірмесін жасап шығу, орнату жағын жергілікті «Alpamys Group» құрылыс компаниясы қаржы­лан­­дырған. Нысанның маңа­йына жа­рық тартылып, жан-жағына Қоста­най қаласының тарихынан сыр шертетін  түнде жанатын фотокөрме қойылған.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта мүсін маңында мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі. 

 

Қостанай облысы