• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:42

Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы беріледі?

20 рет
көрсетілді

Биылғы сегіз айда көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақыға 354,5 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орта есеппен 856,2 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы 613,4 мың отбасыға– 308,9 млрд,  ал 45,6 млрд теңге күміс, алтын алқалы  242,8 мың батыр анаға берілді.

Шілде айында яғни бір айда  әлеуметтік жәрдемақылармен жалпы сомасы 49,7 млрд теңге мөлшерінде 846,1 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен (43,1 млрд теңге) 601,2 мың отбасы; наградталған аналарға берілетін жәрдемақымен 6,6 млрд теңге сомасына 244,9 мың адам қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Биылғы есептеу бойынша  4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге; 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге; 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге; 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге; 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа»  немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері берілген батыр аналарға тағайындалады. «Күміс алқа» алқасы бар аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге; «Алтын алқа»  алған сондай-ақ бұрын «Батыр Ана» атағы мен  І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен мараптталған аналарға – 7,40 АЕК (29 097) теңге қосымша қосымша қаражат беріледі.

Биылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.