• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 14:14

Елімізде 3,1 млн тонна астық бастырылды

20 рет
көрсетілді

Егін жинау жұмыстары 15 өңірде жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша, қазірдің өзінде 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрайды. Бастырылған астық көлемі – 3,1 млн тонна.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар, 24,4 мың тонна майлы дақыл, гектарына 239 центнерден 525,5 мың тонна картоп, гектарына 286 центнерден 1,6 млн тонна көкөніс, сондай-ақ гектарына 269,9 центнерден 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналған.

Айта кетелік, көкөністер бойынша да жоғары өнімділік байқалып отыр: 319,5 мың тонна қырыққабат жиналып, гектарынан 375,4 центнер, 256,7 мың тонна пияз жиналып, гектарынан 390 центнер, 98,8 мың тонна сәбіз жиналып, гектарынан 298,1 центнер өнім алынған.