• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 13:30

Ел мектептерінде ерекше балаларға арналған 1093 кабинет бар

30 рет
көрсетілді

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1093 қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.

Бүгінде өңірлерде 270 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және 110 психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес (ПМПК) ашылған.