• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:20

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды

40 рет
көрсетілді

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында «ПКОП» ЖШС аумағында оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш құлап, салдарынан мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, «ПКОП» ЖШС басшылығы марқұмдардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтып, қолдау білдірген.

Қазіргі уақытта апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Зауыт өз қызметін қалыпты жағдайда жалғастырады.