• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:30

Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа ластануы мүмкін

40 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанның басым қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар, аталған күні Ақтөбе, Алматы, Атырау мен Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуы болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алған жағдайда елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлап, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал.

Ауаның ластану деңгейін айқындайтын негізгі факторлар қатарында синоптикалық жағдайдың болжамы бар. Оған желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылығы жатады.