Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Шығыста қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік пен батыста бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстікте күн ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Солтүстік, шығыс және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысы, батысы және солтүстігінде, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі.
Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +20…+22°C, жел 3–8 м/с. Алматыда күн ауыспалы бұлтты, ауа температурасы +23…+25°C, жел 3–8 м/с. Ал Шымкент: күн ашық, күндіз +32…+34°C, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с.