• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:18

16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады

30 рет
көрсетілді

Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Уэс Стритингтің сөзінше, энергетикалық сусындар зиянсыз көрінгенімен, шын мәнінде олар жасөспірімдердің ұйқысына, назарын шоғырландыруына және жалпы қабілетіне кері әсер етеді. Сондай-ақ сусындардағы қанттың жоғары мөлшері семіздікке себеп болады.

Зерттеу деректері бойынша, күніне шамамен 100 мың бала кем дегенде бір энергетикалық сусын ішеді. Мұның салдары олардың психикалық денсаулығы мен оқу үлгеріміне де кері ықпалын тигізіп отыр.

Білім министрі Бриджит Филлипсон бұл бастаманы «тарихтағы ең дені сау балалар ұрпағын қалыптастыруға жасалған кезекті қадам» деп бағалады.

Мұғалімдер мен ата-аналардың қолдауына ие тыйым салу шарасы 40 мыңнан астам баланың семіздікке шалдығуының алдын алып, болашақта денсаулыққа байланысты ауруларды азайту арқылы ел қазынасына ондаған миллион фунт стерлинг үнемдеуге мүмкіндік береді.