Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінде алғашқы жарыс күні мәресіне жетті. Қатысушылар жекелей сынның іріктеу кезеңінде бақтарын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге тек үш спортшы жолдама алды. Олар – алматылық Абдулла Мамай, қарағандылық Владислав Захаров және Жамбыл облысының өкілі Ескендір Харки.
Отандық теннисшілер 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін жарысты жалғастырады. Қазақстандық спортшылардың қарсыластары да белгілі болды:
Абдулла Мамай – Флориан Буррассо (Франция); Владислав Захаров – Юань Лицен (Қытай); Ескендір Харки – Лев Кацман (Ресей)Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің жетекші теннисшілері қатысып, Қазақстан спортшыларына тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.