• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 19:13

БҰҰ- ның Орнықты даму жөніндегі орталығы күш жігерді үйлестіру алаңына айналады

30 рет
көрсетілді

3-5 қыркүйек аралығында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның тоғызыншы көпжақты форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Форум БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО атқарушы хатшысы Армида Салсия Алисжабананың бейнеүндеуімен басталды. Ол БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығын Орталық Азия мен Ауғанстан үшін іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, оны өңірлік күш-жігерді тиімді үйлестіру жолындағы маңызды қадам деп атады.

Іс-шараға үкіметтік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысса, Қазақстан атынан вице-министр Асан Дарбаев бастаған Ұлттық экономика министрлігінің делегациясы өкілдік етті.

Вице-министр Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларға интеграциялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, ОДМ ұлттық индикаторлары бекітілген. Ол мемлекеттік жоспарлау құжаттарына міндетті түрде енгізіледі. Асан Дарбаев стратегиялық және бюджеттік процестердің үйлесімділігі ресурстарды басым міндеттерді іске асыруға тиімдірек бағыттауға мүмкіндік беретінін де атап өтті.

Форумда Қазақстанның ОДМ-ды ілгерілетудегі тәжірибесіне ерекше назар аударылды. ҰЭМ әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова еліміздің қалалар мен өңірлердің тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілдерін ұсынды.

Форум аясында ерікті ұлттық шолуларды дайындау бойынша мамандандырылған семинар өтті. Мұнда өңір елдері прогресті бағалауда және ОДМ-ға қол жеткізу бойынша одан арғы қадамдарды анықтауда тәжірибе алмасты.

Қазақстандық тәжірибені Экономикалық зерттеулер институтының ОДМ хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар ортаға салды. Ол «ешкімді артта қалдырмау» қағидатына және жаһандық мақсаттарды өңірлер деңгейінде оқшаулауға басты назар аударылатын үшінші ерікті ұлттық шолуды дайындау туралы айтты.

Семинарға қатысушылар жұртшылықты кең көлемде тарту және басымдықтарды қалыптастыру кезінде сұрау салу мәліметтерін пайдаланудың қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл ОДМ-ға қол жеткізу процесін неғұрлым ашық және азаматтардың нақты қажеттіліктеріне бағдарлауға  мүмкіндік береді.