Синоптиктер 9,10 және 11 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болаты туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде батыстан келген циклон мен оған байланысты фронттар әсер етіп, ауа райы тұрақсыз болады.
Кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, ал 10–11 қыркүйекте орталық пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Сонымен қатар республиканың көптеген өңірінде жел екпіні күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Температуралық режим төмендейді:
Батыс өңірлерде: түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С; Солтүстік-батыста: түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік, күндіз +8…+16°С, оңтүстігінде +23°С дейін; Солтүстікте: түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С; Орталықта: түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С; Шығыста: түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С; Оңтүстікте: түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.Айта кетейік, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.