Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекелей сындарда блоктық садақ ату бойынша сайыстар өткен. Қазақстандық спортшылардың екеуі үздік ондық қатарына қосылды.
Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен тәмамдап, 1/8 финалға дейін жеткен.
Сонымен қатар, әйелдер арасындағы командалық жарыста ұлттық құрама қола жүлдеге қол жеткізген. Бұл жетістікті Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян иеленген.